Алматыда Есентай өзенінің жағалауындағы 7 шақырым аумақ көркейтіледі

Жаңалықтар

Алматыда әл-Фараби даңғылынан Рысқұлов даңғылына дейінгі Есентай өзені бойындағы аумақты көріктендіру, оның ішінде жағалауды көркейту бойынша жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленіп жатыр.

Құжат 2025 жылы шілдеде мемлекеттік сараптамадан өтпек.

Жоба бойынша 43,2 гектар аумақ көркейтіледі, қазірдің өзінде жалпы ұзындығы 7,22 шақырымдық аймақ көріктендірілген. Жобаның мақсаты – заманауи, ыңғайлы әрі үйлесімді демалыс аймағын құру әрі суға шомылып, жағалау бойымен еркін тыныстау. Түрленген жағалау тұрғындар мен қонақтар үшін табиғи және қалалық ландшафттың бір бөлігіне әрі тартымды демалыс орнына айналады.

Жобаның негізгі ерекшеліктерінің бірі – функционалды аймақтарға бөлу.

Яғни, өзен бойымен жеті бірегей кеңістікті құру жоспарланған, олардың әрқайсысының өзіндік тұжырымдамасы болады:

  • әл-Фараби даңғылынан Тимирязев көшесіне дейінгі жастар аймағы.
  • Тимирязев көшесінен Бұқар жырау бульварына дейін студенттік аймақ
  • Бұқар Жырау бульварынан Абай көшесіне дейін белсенді аймақ.
  • Абай көшесінен Құрманғазы көшесіне дейін мәдени аймақ.
  • Құрманғазы көшесінен Жамбыл көшесіне дейін тартымды демалыс аймағы.
  • Жамбыл көшесінен Қарасай батыр көшесіне дейін тағы да жастар аймағы.
  • Қарасай батыр көшесінен Рысқұлов даңғылына дейінгі тартымды демалыс аймағы.

Жоба аясында белсенді демалыс орындары мен спорттық іс-шаралардан бастап, еркін серуендейтін, кездесулер мен мәдени іс-шаралар өткізетін түрлі қоғамдық кеңістіктер құру жоспарланып отыр.

Жобаның орындалу барысы алдағы уақытта тағы да хабарланады.