Ақмола облысында ауыл тұрғыны бақшасында қарасора өсірген

Жаңалықтар

Ақмола облысының Жақсы ауданында ауыл тұрғынының бақшасынан полицейлер есірткі құрамындағы 920-дан астам өсімдік тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, өңірде "Қарасора – 2025" жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр.

"Жедел-іздестіру және тергеу шаралары барысында 39 жастағы ауыл тұрғынының өз үйінің ауласында қарасора өсіріп келгені анықталды. Тінту кезінде полицейлер салмағы шамамен 500 грамм марихуана болуы мүмкін пакет пен бақшадан 920-дан астам есірткілік өсімдік бұтасын тапты", — деп хабарлады департамент өкілдері.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды.