СІМ Таяу Шығыстағы қауіпті әскери шиеленіске байланысты маңызды мәлімдеме жасады

Жаңалықтар

СІМ Таяу Шығыстағы қауіпті әскери шиеленіске байланысты маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс өңіріндегі қауіпті әскери шиеленіске байланысты өз алаңдаушылығын білдіреді және қақтығысты БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық нормаларына сәйкес тек саяси-дипломатиялық жолмен тез арада реттеуді құптайды.

Қатысушы тараптарды барынша ұстамды болуға шақырамыз".