Өмір сыйы: Қытайлық студент Қазақстандағы науқасқа алғаш рет донор болды

Жаңалықтар

Биыл көктемде халықаралық медицина тарихында ерекше оқиға орын алды.

Қытайдың Аньхой провинциясынан шыққан жас жігіт Қытайдан Қазақстанға бағаналы жасуша жіберіп, адам өмірін құтқарған алғашқы донор атанды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Синьхуа агенттігі «Жэньминь жибао» басылымына сілтеме жасап хабарлағандай, донор Аньхой политехникалық университетін жақында ғана бітірген жас жігіт. Ол Қытайдың Сүйек Миы Донорлары Бағдарламасына (CMDP) ерікті түрде тіркелген. Құпиялылықты сақтау үшін оны Сяодин деп атайды.

2025 жылдың сәуірінде Сяодинге Хуайнань қаласындағы Қызыл Крест ұйымы хабарласып, Қазақстандағы науқаспен жасушалары толық сәйкес келгенін айтқан. Сяодин бір сәт те ойланбастан көмектесуге келіскен. Ол өзіне бейтаныс, алыс елдегі адамға өмір сылай алатынын білгенде, бұл шешімді жүрегімен қабылдаған.

Бағаналы жасушаларды алу процедурасы Хэфэй қаласындағы Қытай Ғылым және Технология Университетінің Бірінші ауруханасында өтті. Үш сағатқа созылған процесс сәтті аяқталып, өмірге қажет жасушалар жиналды. Донорлық жасушалар салынған арнайы контейнер дереу Қазақстанға жеткізілді. Ол жақта науқасты күтуші дәрігерлер тобы дайын отырған еді.

Сяодин жасушалармен бірге қысқа, бірақ өте жүрекке жылы хат та жазып жіберді:

«Әр күннің Күн шығуы жаңа үміттің белгісі. Бұл өмірдің сыйы. Мен сізге бақыт тілеймін. Бір күні сауығып кетіп, Қазақстанның кең даласын еркін аралап, өзіңіздің ұзақ та әдемі өмір жолыңызға аттанатын күнді асыға күтемін».

Бұл оқиға адамзаттың шынайы мейірімі мен бір-біріне көмектесуге деген шексіз дайындығының жарқын мысалы. Қытай мен Қазақстан тек бір сәтті медициналық операцияға куә болған жоқ, бұл жастардың шекараға, қашықтыққа қарамастан, бір-біріне үміт сыйлай алатынын дәлелдеген үлкен оқиға болды.