Air India ұшағы апатқа ұшыраған кезде бортта қазақстандықтар болмаған – СІМ

Жаңалықтар

Air India әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшыраған кезде қаза тапқандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы 12 маусым күні Zakon.kz сайтына ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

"Біздің азаматтар жоқ", — деді ол.

2025 жылғы 12 маусымда Үндістанның Гуджарат штатындағы Ахмадабад әуежайында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақта экипаж мүшелерін қоса алғанда 242 адам болған. Ұшақ Лондонға бағыт алған.

Air India компаниясы Boeing 787-8 ұшағындағы жолаушылардың қай елдерден болғанын хабарлады. Кейінірек әуе кемесінің медициналық жатақханаға құлағаны және сол жерде болған адамдардың зардап шеккені белгілі болды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады.