Үндістандағы ұшақ апаты: қаза тапқандар саны 110 адамға жетті

Жаңалықтар

Бортта Үндістан азаматтарынан басқа 53 Ұлыбритания азаматы , жеті Португалия азаматы және бір Канада азаматы болған.

Индияның Ахмадабад қаласында Air India жолаушылар ұшағы құлаған кезде 110 адам қаза тапты, деп хабарлайды жергілікті TimesNow телеарнасы.

Полиция мәлімдегендей, ұшақ дәрігерлер жатақханасының маңында құлаған. Құтқару қызметтері оқиға орнына екі-үш минут ішінде жеткен. Аумақтың шамамен 70-80 пайызы тазартылды. Барлық зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

Hindustan Times мәліметтері бойынша, бортта Үндістан азаматтарынан басқа 53 Ұлыбритания азаматы, жеті Португалия азаматы және бір Канада азаматы болған.


Оқи отырыңыз: Астанада тағы автобус апаты болды: зардап шеккендер бар


Air India барлық рейстерін тоқтатты. Пилоттардың апатқа бірнеше минут қалғанда көмек сигналын бергені анықталды, алайда диспетчерлік қызметке жауап қайтармаған.

Еске салсақ, ұшақта кем дегенде 242 жолаушы болған. Ұшақ Астана уақыты бойынша 13:08-де әуежайдан Лондонға ұшып шыққан және бес минуттан кейін апатқа ұшыраған.