Америкалық әйел жасанды интеллект көмегімен жүкті болды

Жаңалықтар

АҚШ-тың Колумбия университетінің репродукция орталығының дәрігерлері жасанды интеллект жүйесі арқылы орын алған алғашқы жүктілік жағдайын тіркегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Time журналы 10 маусымда жариялаған. Басылым мәліметінше, STAR (Sperm Track and Recovery) деп аталатын жүйе жасанды интеллект алгоритмдері мен арнайы микрочипті пайдаланып, ұрықтандыруға жарамды сирек сперматозоидтарды анықтап, оқшаулай алады.

STAR жүйесі астрофизиктердің жаңа жұлдыздарды іздеу әдістерін есепке ала отырып, жасалған. Ол сағатына миллиондаған бейнелерді талдап, тіршілікке қабілетті сперматозоидтарды бөліп шығара алады.

Жүйенің алғашқы табысты жүктілігі – 19 жыл бойы бала сүйе алмай келе жатқан жұпта тіркелді. Олар бұған дейін 15 рет ЭКО (экстракорпоральды ұрықтандыру) циклынан сәтсіз өткен. Әйел қазір жүктіліктің төртінші айында, және жүктілік қалыпты өтіп жатыр.

Бұған дейін АҚШ-та жағаға шығып кеткен алып ақ акуланың жұрттың зәресін алғандығы хабарланған болатын.