Астанада студенттерге оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмек көрсетіледі

Жаңалықтар

1 шілдеден бастап елордалық студенттерге оқу ақысына өтемақы алу үшін құжат қабылдау басталады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

— 2025 жылғы 1 шілде мен 23 тамыз аралығында Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы елордадағы жоғары оқу орындарына күндізгі бөлімге оқуға түскен студенттерге оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек көрсетуге өтініштер қабылдайды, — делінген хабарламада.

Бұл бастама әлеуметтік осал топтардан шыққан талапкерлерге қолдау көрсету мақсатында жүзеге асырылады.

Әлеуметтік көмекке үміткерлер мына құжаттарды тапсыруы қажет:

Жеке куәлік (көшірмесімен);

Өзіне және отбасы мүшелеріне қатысты жиынтық табысы туралы мәліметтер;

Жетім балалар үшін: ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік пен туу туралы куәліктің көшірмесі;

Көпбалалы отбасыдан шыққан балалар үшін: көпбалалы отбасы мәртебесін растайтын құжат көшірмесі;

Астана қаласының орта мектебін бітіргенін растайтын аттестат;

ҰБТ сертификаты (мемлекеттік үлгідегі);

Екінші деңгейдегі банк немесе «Қазпошта» АҚ-дағы жеке шот нөмірі туралы мәлімет.

Сонымен қатар қосымша ақпарат алу үшін аудандық бөлімшелердің байланыс нөмірлеріне хабарласу керек:

Алматы ауданы: 55-01-74, 8 702 837 50 05

Байқоңыр ауданы: 55-72-32, 8 775 962 91 57

Есіл ауданы: 55-74-50, 8 771 804 16 25

Нұра ауданы: 55-68-40, 8 702 966 52 29

Сарайшық бөлімі: 55-68-22, 8 701 255 20 56

Сарыарқа ауданы: 55-14-87, 8 702 546 86 95