16 жастағы жасөспірім 8 жастағы баланы зорлады

Жаңалықтар

Әзербайжанның Исмаиллы ауданындағы Истису ауылында кәмелетке толмаған балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеті тіркелді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Алдын ала мәлімет бойынша, 16 жастағы жасөспірім 8 жастағы көрші баланы қорқыту арқылы ауыл шетіне апарып, оған қатысты заңға қайшы әрекеттер жасаған. Оқиғадан соң жәбірленушінің туыстары бұл туралы құқық қорғау органдарына хабарлаған.

Аталған дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілді. Материалдар сотқа жолданғаннан кейін, сот-медициналық сараптама айыпталушының ақыл-есінің дұрыс еместігін анықтады.

Сот шешімімен ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, арнайы медициналық мекемеде мәжбүрлі ем қабылдауға жіберілді.

Бұған дейін Қарағанды облысында әкім қыз зорлады деп айыпталғанын жазған едік.