9 маусымда Түркияның Маниса қаласының мэрі Ферди Зейрек электр тоғынан соққы алып, қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
BAKU.WS ақпарат көзінің мәліметінше, бұл туралы Түркияның денсаулық сақтау министрі Кямал Мемишоғлу X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде жазды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Mimar Ferdi Zeyrek (@mimarferdizeyrek)
"Оқыс оқиғадан кейін ауруханаға жеткізіліп, біраз уақыт жансақтау бөлімінде жатқан Маниса мэрі Ферди Зейректі дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан аман алып қалу мүмкін болмады. Оның отбасына, жақындарына және оны жақсы көрген барлық жандарға қайғыра көңіл айтамын", – деп жазды министр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Mimar Ferdi Zeyrek (@mimarferdizeyrek)
Бұған дейін АҚШ-та жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағаны хабарланған болатын.