Алдағы күндері 37 градус ыстық күтіледі

Жаңалықтар

Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері Қазақстан аумағына оңтүстік циклонның әсері байқалады.

Ол ауа массаларының жылынуын және конвективті процестердің дамуын қамтамасыз етеді.10 маусымда оңтүстікте, 11 маусымда солтүстік-батыста, 12 маусымда елдің солтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі, жекелеген аудандарда бұршақ жаууы мүмкін. Тек елдің шығысында антициклон ықпалымен ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Күндізгі уақытта ауа температурасы солтүстікте, шығыста, орталықта 25-32 градусқа дейін, батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 32-37 градусқа дейін жоғарылайды.