Күннің бетінде жойқын жарылыс болды

Жаңалықтар

8 маусымда күннің оңтүстік полюсі маңында соңғы жылдардағы ең үлкен жарылыс болды, нәтижесінде, плазмалардың шашырауы орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жайында Ресей Ғылым академиясы Қолданбалы астрономия институтының Күн астрономиясы зертханасының Telegram-арнасындағы ақпараттан белгілі болды.

Ғалымдардың айтуынша, бұл құбылыс Күннің арғы жағында орналасқан алып протуберанецтің тұрақсыздануы салдарынан пайда болған. Күн жиегінен көтерілген күн затын орбиталық телескоптар тіркеген. Алдын ала бағалауға сәйкес, бұл плазмалық бұлттың тығыздығы мен көлемі өте жоғары және ол ғарыш аппараттарының көру аймағында шамамен тағы бір тәулік болады.

Плазманың нақты қозғалыс траекториясы әлі нақтыланып жатыр, дегенмен мамандардың пікірінше, ол біздің ғаламшарымызға қауіп төндірмейді.

Бұған дейін Жапонияның интернеттің жылдамдығы бойынша жаңа рекорд орнатқандығы хабарланған болатын.