"Қазпоштаның" бұрынғы басшысы Әсел Жанасова Тоқаевтың кеңесшісі лауазымына тағайындады

Жаңалықтар

"Қазпошта" АҚ-ның бұрынғы басшысы Әсел Жанасова президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен мемлекет басшысының кеңесшісі болып тағайынлады. Тиісті бұйрық Ақорда сайтында жарияланды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды", — делінген хабарламада.

Әсел Жанасова 1987 жылы Алматы қаласында туған. Кембридж университетін бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы "ENRC Kazakhstan" өндірісті автоматтандыру және байланыс департаментінің ақпараттық технологиялар жөніндегі маманы болып бастады.

2016-2017 жылдары — "Зерде" ҰБХ" АҚ басқарма төрайымы.

2018-2020 жылдары — "Астана" халықаралық қаржы орталығының цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры.

2020 жылдың 20 шілдесінен бастап — Қазақстан Республикасы сауда және интеграция вице-министрі

2022 жылғы 3 қазаннан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен «Қазпошта» АҚ Басқармасының төрағасы болып тағайындалды.