Құрбан айттың алғашқы күні еліміз бойынша жалпы саны 20 797 мал құрбандыққа шалынды

Жаңалықтар

Құрбан айтта ҚМДБ құрбан шалуды дәстүрлі түрде және онлайн форматта да ұйымдастырды. Құрбан айттың алғашқы күні еліміз бойынша жалпы саны 20 797 мал құрбандыққа шалынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚМДБ баспасөз қызметінің мәліметінше, құрбандыққа шалынған 20 797 малдың 997-сі онлайн форматта келіп түскен өтініш бойында сойылған. Мал түрлері бойынша:

  • қой – 18 876,
  • ешкі – 970,
  • ірі қара – 944, түйе – 16.

Құрбандық еті республика көлемінде 34 771 мұқтаж отбасы мен 210 әлеуметтік мекемеге үлестірілді.

Айта кетейік, онлайн құрбан шалуға тапсырыстар Qurban.muftyat.kz сайты арқылы маусым айының 8-і күні сағат 12:00-ге дейін қабылданады.

"Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің" дейді дана халқымыз. Алла Тағала шын ықыласпен құрбан шалып, сауапты амалға үлес қосқан барша азаматтардың ниетін қабыл еткей", делінген басқарма хабарламасында.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтағанын жазғанбыз.