Алматы қалалық прокуратурасы аса ірі көлемдегі есірткі контрабандасы туралы істі тергеуде. 43 келіден астам тәркіленген марихуаналар елімізге ондаған пошта сәлемдемелері арқылы жеткізілгені белгілі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мамандырдың мәліметінше, сәлемдемелер еліміздің бірқатар ірі қалаларының тұрғындарына жолданған, оларда тінту жүргізіліп 10 адам ұсталды.
Олардың айғақтары бойынша есірткі контрабандасының схемасын реттеп отырған, ұйымдасқан кибер топ әрекет ететіні белгілі болды.
"Ол "кураторлардан", "буып-түюшілерден" және "дропперлерден" тұрған. Бұл топты үйлестіру "Феликс Гальярдо" және "Джордан Белфорт" деген атаумен жалған аккаунттар арқылы телеграммда жүзеге асырылған". Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі
Павлодар облысының түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан адам аккаунттың иесі және есірткі дүкенінің ұйымдастырушысы болып шықты.
Қаскүнем кінәсін мойындап, есірткі әкелу схемасын және криптовалютамен төлем жасау механизмін әшкереледі.
Тергеу барысында АҚШ-тан есірткі құралдарын сатып алуды қаржыландырған тұлғалар анықталды.
"Олар мекемеде жазасын өтеп жүрген қылмыстық беделге ие болып шықты. Тапқан табыстары туыстарына мүлік сатып алып, соларға тіркеу жолымен жария етілген. Сот 5 пәтер мен 3 ғимаратқа, 10 учаске мен 44 автокөлікке тыйым салды. Олардың құны 1 млрд теңгеден астам". Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі
Бүгінгі күні 20 азамат, оның ішінде қылмыстық топқа қамқорлық көрсеткен лауазымды тұлғалар қылмыстық қудалауға ұшырауда.
Бұған дейін Балиге есірткі алып өтпек болған үш турист өлім жазасына кесілгенін жазғанбыз.