Қазақстандық әуе компания мамырдан бастап Германияға қатынайтын жаңа әуе маршрутын іске қосады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Биылғы жылдың 27 мамырынан бастап қазақстандық "SCAT" әуе компаниясы Шымкент – Мюнхен бағыты бойынша Германияға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр.
Рейстер аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері) орындалады. Қазақстан мен Германия арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 11-ден 14-ке дейін артады.
Бұл екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.