Алматы әуежайында қызметкерге пышақпан шабуылдаған күдіктіні ұстаған азаматтың кім екені белгілі болды.
Бұл туралы әнші Бағлан Әбдірайымов Instagram-дағы stories-де айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Бейбіт күннің батыры. Әкемнің інісі Мұса! Бір мақтанып қояйыншы”, — деп жазды әнші.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы әуежайында белгісіз адам қызметкер әйелді кепілге алған еді. Батыл азамат әйелдің орнына өзі кепіл болып, соңында қаскөйдің пышағын қолынан алып, оны ұстауға көмектескен.