Трамп 12 елдің азаматтарына АҚШ қа кіруге тыйым салды

Жаңалықтар

Дональд Трамп елдегі қауіпсіздік мақсатында 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салатын жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

CBS News телеарнасының мәліметінше, тыйым салынған елдерге келесілер кіреді: Ауғанстан, Мьянма, Чад, Конго Республикасы, Экваторлық Гвинея, Эритрея, Гаити, Иран, Ливия, Сомали, Судан және Йемен. Сонымен қатар, тағы жеті елдің – Бурунди, Куба, Лаос, Сьерра-Леоне, Того, Түрікменстан және Венесуэла азаматтарына қатысты ішінара шектеулер енгізілді.

"Президент Трамп американдықтарды біздің елге келіп, бізге зиян тигізгісі келетін қауіпті шетелдік субъектілерден қорғау туралы уәдесін орындайды", – деді Ақ үйдің өкілі Абигейл Джексон.

Оның айтуынша, бұл елдерде адамдарды тиісті түрде тексермейді, сонымен қатар, бұл мемлекеттерде мерзімі өткен визалар көп. Жарлықта кейбір ерекшеліктер қарастырылған: мысалы, тыйым қос азаматтығы бар адамдарға, шетелдік дипломаттарға, спортшыларға және басқа да кейбір санаттарға қолданылмайды.

Бұған дейін Балиге есірткі алып өтпек болған үш саяхатшының өлім жазасына кесілгендігі хабарланған болатын.