8-9 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Болгария Президенті Румен Радев Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың хабарлауынша, жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында қазақ-болгар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығының перспективасы талқыланады.
Бұған дейін Болгарияда еуропалық валютаға көшуге байланысты жаппай наразылықтар басталғаны хабарланған болатын. Болгарияның София қаласында еуроға өтуге қарсы мыңдаған адам ұлттық валюта – левті қорғап, көшеге шықты. Болгария ұлттық радиосының хабарлауынша, еуроның енгізілуіне қарсы осындай наразылықтар елдің басқа қалаларында да өтіп жатыр.