"Жылдар бойы көзіме шөп салып, өзін ел алдында «рухани ұстаз» етіп көрсетіп жүрген": Нұрлан Жанайдың әйелі күйеуі туралы бар шындықты жайып салды

Жаңалықтар

Бизнес-тренер Нұрлан Жанайдың әйелі Окас Нұрлы күйеуі туралы бар шындықты жайып салды .

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Мен – екі баланың анасы, көпшілік алдында өзін «энерго-коуч», бизнес тренер, «адамдарға өмір үйретуші» деп таныстырып жүрген Нұрлан Жанайдың әйелімін.

Бұл жазбаны жазбасқа амалым қалмады. Себебі үндемеу – жәрдем беру.

1️⃣ ОПАСЫЗДЫҚТЫҢ АШЫЛУЫ

4 күн бұрын оның телефонын кездейсоқ қарап , ассистенті – жас қызбен интимдік хаттарын оқып қалдым.

Сол қыз сол күні менің үйімде болды– шай ішті, балаларыма “әпке” болып еркеледі, күліп-ойнап отырды.

Бірақ үйден шыққан соң, екеуі гостиницаға барып, ішіп, төсектес болған.