Маңғыстауда 35 жастағы әйел он екінші баласын дүниеге әкелді

Жаңалықтар

Мұнайлы ауданының тұрғыны 35 жасында 12-баласын дүниеге әкеліп, туу көрсеткіші бойынша жоспардан асып түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz мәліметіне сүйенсек, салмағы 3900 грамм, бойы 53 см қыз бала 29 мамыр күні сағат 07:40-та Ақтаудағы облыстық "Ана мен бала" перинаталдық орталығында табиғи жолмен дүниеге келді.

Бұл 35 жастағы Ақмоншақ Жақсылықованың 12-баласы. Көпбалалы ананың айтуынша, алғашқы үш баласы — қыздар, одан кейін екі ұл дүниеге келген, ал кейінгі балалары тағы да қыздар. Ең ірі сәбиінің салмағы 4500 грамм болған.

Мекеме директоры Жапырақ Епенованың айтуынша, босану сәтті өтті, ана мен бала дін аман, үйлеріне шығарылған.

Әйел 2011, 2012, 2013, 2014, 2016, 2017, 2019, 2020, 2021, 2022, 2024 және 2025 жылдары босанған. Барлық балаларының денсаулығы жақсы.

"Демографиялық тұрғыдан бұл — жақсы жаңалық. Дегенмен дәрігер ретінде әрқашан науқастарымызға айтамыз: әйел ағзасы қалпына келіп, демалуы керек. Жүктілік пен босану әйелден көп күш пен ресурс талап етеді. Сондықтан босанулар арасындағы үзіліс кем дегенде екі жыл болуы тиіс", – деді Жапырақ Епенова.

Бұған дейін жаңа туған сәбидің тікұшақпен Қызылордаға шұғыл жеткізілгендігі жайлы жазған болатынбыз.