Бішкектің Бірінші Май аудандық соты Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты бірқатар қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, сырттай 11,5 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ТАСС агенттігінің жазуынша, Атамбаев Чүй облысындағы Кой-Таш ауылынан заңсыз жер телімдерін алғаны, Бішкек ЖЭО-ны жаңғырту кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол бергені, сондай-ақ 7–8 тамыз күндері Кой-Таш ауылында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғаны үшін айыпталған. Сот шешімімен саясаткердің мүлкі тәркіленіп, барлық мемлекеттік наградаларынан айырылды.
Айта кетейік, 2023 жылы Атамбаев Сәуір революциясының 13 жылдығына байланысты пікір білдіріп, Қырғызстанның қазіргі президенті Садыр Жапаровтың билігіне қатысты ойын да айтқан болатын.