Жылына 950% табыс: Алматы прокуратурасы қала тұрғындарына жүгініп, мәлімдеме жасады

Жаңалықтар

Алматы прокуратурасы 2025 жылы 2 маусымда қала тұрғындарына жүгініп, маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы орган мәліметінше, соңғы айларда елімізде қаржы пирамидаларымен байланысты алаяқтық схемалардың белсенді өсімі байқалады.

"Қылмыстық ұйымдар инвестициялық компаниялар, криптовалюталық жобалар және сауда платформалары желеу етіп, азаматтарға қауіпсіз жоғары табыс уәде етуде. Алайда іс жүзінде мұндай схемалар, салған қаражатты жоғалтуға алып келеді", делінген прокуратура хабарламасында.

Қаржы пирамидалары үнемі жаңа салымшыларды тарту есебінен жұмыс істейді, ал олардың қызметі сөзсіз үлкен шығынға ұшырап, көптеген зардап шегушілерге әкеліп соғатыны да ескертіледі.

Қаржы пирамидасының белгілерін қалай тануға болады:

  • нарықтық көрсеткіштерден едәуір жоғарыкепілдендірілген пайдаға уәде беру;
  • Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен қаржы қызметіне лицензияның болмауы;
  • жаңа қатысушыларды тарту арқылы табыс алу шарты;
  • агрессивті жарнама және мүмкіндігінше көп соманы салу мақсатындағы қысым көрсету.

Мысалы, 2024 жылдың 23 желтоқсанында Алматы қаласының Бостандық аудандық соты Eolus деп аталатын қаржылық пирамиданың екі ұйымдастырушысына қатысты айыптау үкімін шығарды:

"Олар баламалы энергетика саласындағы қызмет ретінде ENERGY EOLUS QAZAQSTAN компаниясын тіркеп, оған өзге азаматтардан ақша қаражаты тартылған. Ұйымдастырушылар күніне кіріс 2,7 %-дан 3,4 %-ға дейін болады деп (айына 80 %-дан астам және жылына 950 %-дан астам) уәде берген, сондай-ақ салымдар сомасы 30-дан 2700 АҚШ долларына дейін өзгеріп отырған. Тергеп-тексеру нәтижесінде 31 азамат зардап шеккен деп танылған, келтірілген залал сомасы 74 миллион теңгеден асты. Сот кінәлілерді тиісінше 6,5 және 6 жылға бас бостандығынан айыруға кесті".

Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды инвестиция жасау кезінде сақтық танытуға шақырады.

"Қаражат салудың алдында компания қызметiнiң заңдылығына, мемлекеттiк тiркеу мен лицензияның болуына көз жеткiзу керек. Құқыққа қарсы әрекетке күдігіңіз болса, дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз", делінген ескертуде.

Айта кетсек, емдік табиғи өнімдердің саудасы сипатында қаржы пирамидасын құрған елордалық келіншек сотталған болатын.