Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша прокурор Дана Сәрсембай мемлекеттік айыптау тарабының сотталушыларға қатысты сұраған жазасын жария етті, хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Мемлекеттік айыптаушы Абзал Шынасылға Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі бойынша – 7 жыл бас бостандығынан айыру, 99-бабы 2-бөлігінің 5, 9, 14-тармақтарының бойынша – 20 жыл бас бостандығынан айыру, 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігінің 1, 7, 9-тармақтары бойынша – 15 жыл бас бостандығынан айыру; 58-бабының 4-бөлігіне сәйкес жазаларды ішінара қосу жолымен Абзал Шынасылға орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтей отырып, 23 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды;
Равиль Сакиевке Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі бойынша – 7 жыл бас бостандығынан айыру, 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігінің 7, 9-тармағы бойынша – 15 жыл бас бостандығынан айыру; 58-бабының 4-бөлігі бойынша жазаны ішінара қосу жолымен орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтей отырып, 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды;
Азамат Тоқтаубаевқа Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі бойынша – 7 жыл бас бостандығынан айыру, 188-бабының 1-бөлігі бойынша – 3 жыл бас бостандығынан айыру, 58-бабының 3-бөлігі бойынша – 9 жыл бас бостандығынан айыру, 58-бабының 6-бөлігі негізінде (Қылмыстық кодекстің 106-бабы 2-бөлігінің 7-тармағы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы Талғар аудандық сотының 17.10.2024 жылғы үкімі) жазаларды ішінара қосу жолымен орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтей отырып, 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды;
Нұрқияс Ильясовқа Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі бойынша – 7 жылға бас бостандығынан айыру, 60-бабына сәйкес ( Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы, 293-бабы 2-бөлігінің 1, 3-тармағы бойынша 2,6 жылға бас бостандығын шектеу туралы Талғар аудандық сотының 04.04.2024 жылғы үкімі) жазаны ішінара қосу жолымен орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтей отырып 9 жыл бас бостандығынан айыруды түпкілікті тағайындауды.
Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Шыңғыс Белгожаев және Дидар Қалиахметке әрқайсысына Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі бойынша орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтей отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды;
кәмелетке толмаған сотталушыға Қылмыстық кодекстің 434-бабы бойынша – кәмелетке толмағандарды ұстау үшін орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтей отырып 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.