ҚР СІМ-нің 2025 жылғы 21 мамырдағы бұйрығымен қайтаруға арналған куәлікті және қайтаруға арналған куәліктің үлгісін және оны қорғауға қойылатын талаптарды ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, қайтып оралуға арналған куәлікті алу үшін шетелдердегі мекемелерге:
- еркін нысандағы өтініш немесе шет мемлекеттің құзыретті органының қолдаухаты (Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасына шығарып жіберілген немесе Қазақстан Республикасына берілген жағдайда);
- жеке басын куәландыратын құжатты жоғалтқаны туралы өтініш беру фактісін растайтын шет мемлекеттің құзыретті органы берген құжат (жоғалтқан жағдайда);
- өлшемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі-түсті екі фотосурет;
- Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексінің 626-бабы 4) тармақшасына сәйкес консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;
- жеке басын куәландыратын құжаттардың (болған кезде) бірінің түпнұсқасы немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы берілетін жеке басты куәландыратын электронды құжат, ал ол болмаған жағдайда осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес толтырылған сауалнама-өтініш;
- жынысының өзгеру фактісін растайтын шет мемлекеттің медициналық мекемесі берген тиісті құжат тапсырылады (жынысын өзгерткен жағдайда).
Өтініш беруші осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес құжаттарды шетелдегі мекемеге тапсырған кезде, өтініштің қағаз жеткізгіште қабылданғанын растау оның көшірмесіндегі алынған күні, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және құжаттар топтамасын қабылдау уақыты көрсетілген белгі болып табылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттар ұсынылған жағдайда, шетелдердегі мекеме өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Өтінішті қабылдаудан бас тарту, бас тартуға негіз болған себептер жойылғаннан кейін өтініш беруші қайта жүгінген жағдайда, өтінішті қараудан бас тартуға негіз болып табылмайды.
Негіздерді растау үшін құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне Қазақстан Республикасының азаматтығын немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруын растау үшін сұрау салуды жолдайды;
Негіздерді растау үшін құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне Қазақстан Республикасының азаматтығын немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруын растау үшін сұрау салуды жолдайды;
Шетелдегі мекеме осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген негіздерді растаған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдейді және береді
Қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдеуден:
- өтініш беруші қайтып оралуға арналған куәлігін ресімдеу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардың ішіндегі деректердің (мәліметтердің) шындыққа сәйкес еместігінің анықталуы;
- өтініш берушінің және (немесе) қайтып оралуға арналған куәлігін ресімдеу үшін ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
- өтініш берушінің жеке деректерін жинауға және өңдеуге жазбаша келісімінің болмауы.
Қайтып оралуға арналған куәлігін ресімдеуден бас тартуға негіз анықталған жағдайда, шетелдегі мекеме әкімшілік акт қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіні қайтып оралуға арналған куәлігін ресімдеуден бас тарту туралы алдын ала шешім жөнінде, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін тыңдаудың уақыты, күні, орны және өткізу тәсілі туралы хабардар етеді.
Тыңдау нәтижелері бойынша шетелдегі мекеме қайтып оралуға арналған куәлігін ресімдейді немесе оны ресімдеуден бас тартады.
Бұйрық 2025 жылғы 9 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.