Тайландта қазақстандық туристер мінген катер жарылды

Жаңалықтар

Пхукет провинциясындағы Майтон аралы маңында туристер мінген катер жарылды. Оның ішінде Қазақстаннан барған туристер болғаны айтылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Пхукеттің теңіз кеңсесінің директоры Начафонг Пранидің айтуынша, қозғалтқышта ақау пайда болған, салдарынан қайық жергілікті уақыт бойынша сағат 09:00 шамасында өртеніп, жарылған.

เหตุไฟไหม้เรือสปีดโบ๊ทกลางทะเลอันดามัน บริเวณหลังเกาะไม้ท่อน อ่าวน้ำห้อง จังหวัดภูเก็ต

วันนี้ 1 เม.ย.68 เวลา 09.10 พลเรือโท สุวัจ ดอนสกุล ผู้บัญชาการทัพเรือภาคที่ 3 และ ผู้อำนวยการศูนย์อำนวยการรักษาผลประโยชน์ของชาติทางทะเล ภาค 3 ได้สั่งการให้ เรือ ต.272… https://t.co/CkWdlle8YT pic.twitter.com/SemkY4mVSW

— JS100Radio (@js100radio) April 1, 2025

Өрт шыққан кезде бортта үш адам болған: капитан және екі экипаж мүшесі. Бұл уақытта кейбір туристер теңізде жүзіп жүрген. БАҚ мәліметінше, катер қазақстандық және ресейлік туристерді тасымалдаған. Кеменің бортында барлығы 31 адам болған.

"Капитан мен экипаж мүшелерінің бірі күйіп қалды. Үш турист пен гид жараланды", — деп жазылған ақпаратта.

Оқиға орнына теңіз қызметтері жіберілген. Таиландтың теңіз күзеті орталығы көмекке кеме жіберген.

Thana Marine 555 қайығы толық зардап шеккен.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget