Қазақстан құрамасы шпагамен семсерлесуден Марракеште (Марокко) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Команда ішінде ең үздік нәтижені Руслан Курбанов көрсетті – ол 18-орынға ие болды.
Никита Жулинский – 41-орын, Михаил Кузьмин – 51-орын, Эльмир Әлімжанов – 74-орын, Кирилл Павлов – 89-орын, Вадим Шарлаимов – 92-орын, Ерлік Сертай – 98-орын, Александр Федотов – 140-орын, Ансар Қасен – 203-орын, Нариман Уәлихан – 229-орын алды.
Командалық жарыста ұлттық құрама 17-орынға тұрақтады.