Мьянмада бір апталық ұлттық аза тұту жарияланды

Жаңалықтар

Мьянма премьер-министрі Мин Аун Хлайн жер сілкінісі салдарынан 1700-ден астам адамның қаза болуына байланысты 31 наурыз бен 6 сәуір аралығында ұлттық аза тұту күнін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

«Қаза тапқан азаматтарды еске алу және одан келген зардаптарға байланысты 2025 жылғы 31 наурыз бен 6 сәуір аралығында жеті күндік ұлттық аза тұту күні жарияланды. Бұл күндері мемлекеттік ту төмен түсірілуі керек», делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 28 наурызда Мьянмада жойқын жер сілкінісі болды. АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 7,7. Алғашқы күшті жер сілкінісінен кейін магнитудасы 6,4 болатын тағы бір афтершок тіркелген. Жер сілкінісі Таиланд астанасы Бангкокта да сезілген. Жойқын жер сілкінісінен соң Мьянмада, кейін Бангкокте төтенше жағдай жарияланды.