Мьянмада зілзаладан қаза тапқандар саны 2719-ға жетті

Жаңалықтар

Мьянмадағы 7,7 балдық жойқын зілзаладан қаза тапқандар саны 2719-ға жетті, деп хабарлайды 24kz.

Жараланғандар қатары 4,5 мыңнан асқан. Тағы 441 тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Елдегі әскери үкімет бір апта қаралы күн жариялады. Таиланд астанасындағы құрбандар саны – 19. Жоғалғандар тізімінде 78 адам бар. 2 елде де іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Мамандар жер сілкінісін: «Мьянма мен Таиланд Үнді плитасының үстінде орналасқан, ал бұл плита 100 миллион жыл бойы солтүстікке қарай жылжып келеді», - деп түсіндіреді.