Пәкістанда түрмеден қашқан 130 адам әлі табылған жоқ

Жаңа күн

Пәкістанда зілзала кезінде түрмеден қашып кеткен 216 сотталушының 130-ы әлі табылған жоқ, деп хабарлайды 24kz.

Елде оларды іздеу операциясы жалғасып жатыр. Полиция қашқындардың бұрынғы мекенжайларын қарап, қауіпсіздік шараларын күшейткен. Түрме бастығы оқиғаны тергеп, кінәлі қызметкерлерге қатаң жаза қолданатынын ескертті. Ал сотталушылардың туыстары кездесудің кейінге қалдырылғанына наразылық білдірді. Кеше Карачи қаласында жер сілкінісінен кейін 200-ден астам тұтқын абақтыдан қашып кетті. Шұғыл іздестіру операциясы барысында 80 жазасын өтеуші ұсталды. 1 тұтқын көз жұмып, 3 полицей қызметкері жарақат алды.