Президент елге еңбегі сіңген әйелдерді марапаттады. Олар кімдер

Жаңалықтар

Марапат иелерінің қатарында кран машинисі мен троллейбус жүргізушісі бар.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметке cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлады Ақорда.

Олардың қатарында: 4 еңбек ардагері, 19 жұмысшы маман мен кәсіпорын еңбеккерлері, 14 денсаулық сақтау, білім беру, ғылым және мәдениет саласының қызметкерлері, 6 кәсіпорын басшысы, 3 қоғамдық ұйым өкілі, 7 мемлекеттік қызметкер, 6 құқық қорғау, арнаулы және бақылаушы органдарда, әскер қатарында еңбек ететін қызметкерлер бар.

Бауыржан Момышұлы атындағы ІI дәрежелі "Айбын" орденімен

Айтмағамбетова Жұлдыз Рахымқызы – Мемлекеттік күзет қызметінің аға инспекторы

Ахметова Айман Рахмеджанқызы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аса маңызды істер бойынша аға жедел уәкілі

Әбуева Анаргүл Аманжолқызы – Төтенше жағдайлар министрлігінің департамент бастығы

Канкина Құралай Темірболатқызы – Бас Прокурордың аға көмекшісі

Мұсатаева Балжан Төлеужанқызы – Қорғаныс министрлігі 44013 әскери бөлімінің взвод командирі;

"Парасат" орденімен

Әбілдина Қарақат Түлкібайқызы – "Қарақат" мектеп-студиясының бас директоры, Астана қаласы

Жексенбай Бибігүл Нұрғалиқызы – Парламент Сенатының депутаты

Құспан Айгүл Сайфоллақызы – Парламент Мәжілісінің депутаты

Ноғайбаева Гүлдана Рахымбекқызы – Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Ә. Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясы" КМҚК

әншісі-әртісі;

"Құрмет" орденімен

Абиева Раиса Леонидовна – "Абиев А.А." ШҚ басшысы, Жетісу облысы

Ағыбаева Раиса Мұхамедиқызы – Астана қаласының ардагерлер кеңесі медиатобының төрағасы

Айтбаева Шолпан Сашкенқызы – еңбек ардагері, Астана қаласы

Әбдірайымова Тілеукүл Шайымқызы – Су ресурстары және ирригация министрлігінің "Қазсушар" РМК Жамбыл филиалы "Шу" өндірістік бөлімшесінің инженері

Әбенова Күлпаш Қайроллақызы – Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Ұлттық аккредиттеу орталығы" РМК жұмысқа тартылатын бағалаушысы

Әзімқұлова Әділет Срадинқызы – еңбек ардагері, Түркістан облысы

Гияги Роза Римовна – "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ "Шымкент магистральдық желі бөлімшесі" филиалы Арыс жол дистанциясының диспетчері, Түркістан облысы

Егізбаева Сәуле Әбутәліпқызы – "М. Шоқай атындағы № 187 ақпараттық технологиялар мектеп-лицейі (IT мектеп-лицейі)" КММ мұғалімі, Қызылорда облысы

Елеуова Қаракөз Темірбекқызы – еңбек ардагері, Алматы қаласы

Земляная Людмила Дмитриевна – "Жер су" ЖШС директоры, Шығыс Қазақстан облысы

Кәпенова Гүлмира Амангелдіқызы – "BESTKZ.KST" ЖШС басшысы, Қостанай қаласы

Қанапина Гүлнар Бекежанқызы – "Қазақстан Алюминийі" АҚ гидрометаллургы-аппаратшысы, Павлодар облысы

Қараева Бибігүл Атшыбайқызы – Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің "№ 14 жалпы білім беретін мектеп" КММ мұғалімі

Құрманғалиева Бикеш Қайдарқызы – "Цифрлық экономиканы дамыту орталығы" ЖШС бас директоры

Молдашева Бағдашжан Қадыржанқызы – "Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі" МКҚК директоры, Ақтөбе облысы

Одинцова Маргарита Владимировна – Жоғарғы Соттың судьясы

Сағынтаева Аида Қыстаубайқызы – "Назарбаев университет" ДББҰ вице-провосты, Астана қаласы

Үмбеталина Марал Әбдірашқызы – "Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы" МКҚК дәрігері, Шымкент қаласы

Хамитова Алмагүл Мәжитқызы – "Желаев нан өнімдері комбинаты" АҚ директоры, Батыс Қазақстан облысы

Хорошаш Ғалия Нәсіболлақызы – "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ұлттық госпиталі" РМК дәрігері;

III дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен

Қамбарова Баянгүл Қожабергенқызы – "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС филиалы "Қ. Сәтбаев атындағы "Жезқазғантүсмет" ӨБ электрмен дәнекерлеушісі

Мадимарова Анар Серікбайқызы – "Тараз металлургиялық зауыты" ЖШС шикіқұрамшысы, Жамбыл облысы

Нұрғалиева Зинагүл Әбенқызы – "Altyntau Kokshetau" АҚ шикіқұрамшысы, Көкшетау қаласы

Санқыбаева Бахытгүл Қуанышбайқызы – "Ақ Жайық-7" ЖШС вагон жөндеу депосының кран машинисі, Атырау қаласы

Сәрсенова Ботагөз Ғабитқызы – "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ "Павлодар магистральдық желі бөлімшесі" филиалы Ерейментау жол дистанциясының жол шебері;

"Ерен еңбегі үшін" медалімен

Арпабаева Бибігүл Төлегенқызы – "Өскемен ЖЭО" ЖШС отын-көлік цехының аға жүк және багаж қабылдап-тапсырушысы

Әбелдинова Надежда Николайқызы – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) аса маңызды істер жөніндегі офицері

Бәкірова Қарлығаш Тастанбекқызы – "№ 13 қалалық емхана" МКК дәрігері, Астана қаласы

Жамалиева Әлима Аманжолқызы – Ішкі істер министрлігі Астана қаласы полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі

Жолдыбаева Маржан Жолдыбайқызы – "Кажсервис" ЖШС Қарағанды облыстық филиалының жол жұмысшысы

Игбаева Меруерт Асылханқызы – Сыртқы істер министрлігі департамент директорының орынбасары

Қожамсейітова Мақпал Қамашқызы – "Алматыэлектротранс" ЖШС троллейбус жүргізушісі, Алматы қаласы

Молдыбаева Гүлшарат Тоқанқызы – "Астана-АЭК" АҚ жедел-диспетчерлік қызметінің операторы

Русинова Ольга Владимировна – "Қазтелерадио" АҚ бөлім басшысы, Алматы қаласы

Сарымсақова Айна Абылайқызы – Шымкент қаласы № 7 округтік сайлау комиссиясының төрағасы

Сәрсембаева Жанаркүл Оразалықызы – "Almaty turmystyq tehnika zavody" ЖШС сапа инспекторы, Алматы облысы

Табергенова Айгүл Олжабайқызы – "Дара" қайырымдылық қоры "Ерте қолдау" жобасының жетекшісі, Астана қаласы

Тұрсынқанбетова Еркежан Саятқызы – "Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры" КҚ бас директорының орынбасары

Шек Наталья Анатольевна – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бас маманы, Астана қаласы;

"Шапағат" медалімен

Әлімбаева Динара Төлегенқызы – "Қарағанды қаласының № 2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ аға мейіргері

Әуренова Мәдина Дәулетханқызы – "DEMEY" оңалту және түзету орталығы" ҚБ төрағасы және негізін қалаушы, Шығыс Қазақстан облысы

Васина Светлана Станиславовна – "Moon-Ай" музыкалық дуэтінің қатысушысы, Астана қаласы

Жақыпова Жанар Бексұлтанқызы – "New Decision Group" ғылыми-зерттеу агенттігі" ЖШС басшысы, Алматы қаласы

Михеева Елена Валериевна – "Moon-Ай" музыкалық дуэтінің қатысушысы, Астана қаласы

Орынбаева Алтынай Романқызы – "Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы" КММ бөлім бастығы

Уайысова Гүлмәрия Қажағалиқызы – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Жаңажол ауылдық округінің мал дәрігері;

"Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" құрметті атағы берілсін

Аханова Бақытжан Омарғалиқызы – Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының білім басқармасы "Балалар музыка мектебі" КМҚК директоры;

"Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" құрметті атағы берілсін

Үкібасова Талшын Мұқадесқызы – "University medical centre" корпоративтік қорының бас консультанты, Астана қаласы;

"Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы" құрметті атағы берілсін

Шелудько Ольга Николаевна – Өнеркәсіп және құрылысы министрлігі "Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау" РМК Оңтүстік өңір бойынша филиалы Жамбыл облысы бойынша департаментінің сарапшысы;

"Қазақстанның еңбек сіңірген өнеркәсіп қайраткері" құрметті атағы берілсін

Ерманова Майра Жұратбекқызы – "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС филиалы — "Жезқазғантүстімет" ӨБ №1, 2, 3 Жезқазған байыту фабрикаларының флотаторы, Жезқазған қаласы.