300 миллион теңге салым: Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасының жұмысы тоқтады

Жаңалықтар

Пирамидаға 250-ден астам салымшы тартылып, 300 миллион теңгеден астам қаражат салған

Қаржы мониторингі агенттігі ауқымды операция нәтижесінде Buyers Union қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты.

Белгілі болғандай, қаржы пирамидасы өз қызметін тұтынушылық кооператив ретінде жасырған. Салымшыларды жылжымайтын мүлік, көлік сатып алуға және Trade in және ReFinance бағдарламаларына қатысып инвестиция салуға үгіттеген.

Сонымен қатар кооператив жеке тұлғалардың қаражатын тартудан дивидендтер алу мүмкіндігімен менеджер болып жұмыс істеуге мүмкіндік берген.


Оқи отырыңыз: Жалпы шығын 490 млн теңгеден асты: Астанада қаржы пирамидасын құрғандар сотталды


"Кооперативке қатысудың міндетті шарттарының бірі өмірді сақтандыру үшін ай сайын 30 мың теңге төлеу және сатып алынатын мүліктің құнынан 10%-дық жарна төлеу болған. Маңыздысы, кооператив салымшыларға ақша алғаны туралы ешқандай құжат ұсынбаған, ал салым сомасы тек пайдаланушылардың жеке кабинетінде көрсетілген. Нәтижесінде, пирамидаға 250-ден астам салымшы тартылып, 300 миллион теңгеден астам қаражат салған", – делінген хабарламада.

Пирамида ұйымдастырушысы екі айға қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.