Оралда жеңіл көлік қағып кеткен әйел мерт болды

Жаңалықтар

Орал қаласында жол-көлік оқиғасынан әйел адам мерт болды. Оқиға 29 наурыз күні шамамен 22.10-да болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Kazinform-ның хабарлауынша, жүргізуші "Ауди 80" автокөлігімен Жәңгір хан көшесі бойында Шаған өзенінен өтетін көпір маңында әйел адамды қағып кеткен.

"Марқұм жедел жәрдем көлігі келгенге дейін көз жұмды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеді. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде", — деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.