Қазақстандық боксшылардың оқу-жаттығу жиындары: дайындық барысы және алдағы халықаралық жарыстар

Жаңалықтар

Қазіргі уақытта бокстан Қазақстан ерлер құрамасының 1-2 нөмірлі спортшылары Ресейдің Кисловодск қаласында Өзбекстан, Ресей және Беларусь құрамаларының қатысуымен біріккен оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дайындық барысында боксшылар атлетикалық және де жекпе-жектегі тепе-теңдікті сақтауға бағытталған жаттығуларды жасап жатыр,

Оқу-жаттығу жиындарына қатысып жатқан спортшылар:

- 48 келі – Санжар Тәшкенбай, Теміртас Жүсіпов

- 51 келі – Бекзат Алдамжаров, Даниял Сабит

- 54 келі – Тимур Қабдешов, Сәкен Бибосынов

- 57 келі – Оразбек Асылқұлов, Дәулет Молдашев

- 60 келі – Серік Теміржанов, Бейбарыс Жексен

- 63,5 келі – Ертуған Зейнуллин, Жандос Қыдыралиев

- 67 келі – Мұхаммедсабыр Базарбайұлы

- 71 келі – Абылайхан Жүсіпов, Фарух Тоқтасынов

- 75 келі – Сабыржан Аққалықов, Тимур Нұрсейітов

- 80 келі – Ерасыл Жақпеков, Нұрбек Оралбай

- 86 келі – Бекзат Нұрдәулетов, Темірлан Мұқатаев

- 92 келі – Сағындық Тоғамбай, Нурмагамед Юсупов

- 92 келіден жоғары – Айбек Оралбай, Нұрлан Сапарбай

Содан кейін ұлттық құраманың 3-4 нөмірлі спортшылары Бразилияда өтетін Әлем кубогына аттанады. Айта кетейік World Boxing ұйымдастыруымен өтетін аталмыш жарыс 30 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді. Бұл Әлем кубогында ел намысын төмендегі спортшылар қорғайды:

- 50 келіге дейін – Нұрзат Оңғарұлы

- 55 келіге дейін – Нұрсұлтан Алтынбек

- 60 келіге дейін – Талғат Сырымбетов

- 65 келіге дейін – Алмат Әбдуәлі

- 70 келіге дейін – Дархан Дүйсебай

- 80 келіге дейін – Диас Молжігітов

- 85 келіге дейін – Дәулет Төлемісов

- 90 келіден жоғары – Даниял Сапарбай

Ал әйелдер құрамасы дәл қазір Алматы облысы Жанашар ауылындағы олимпиадалық орталықта кезекті оқу-жаттығу жиынына кірісті. Елдос Сайдалин бастаған ұлттық құрама 26 наурыздан бастап, 10 сәуірге дейін дайындық жұмыстарын жүргізеді. Ал Бразилияда өтетін Әлем кубогының кезеңіне үш спортшы қатысады.

Бапкерлер штабы бұл тізімге келесі спортшыларды қосты: Жазира Орақбаева (51 келі), Анита Әдішева (54 келі), Ұлжан Сәрсенбек (57 келі). Айта кетейік, ұлттық құраманың 1-2 нөмірлі боксшылары Ниш қаласында өткен әлем чемпионатынан кейін демалыс алған болатын.

Ал қалған спортшылар Баку (Әзірбайжан) және Хабаровскідегі (Ресей) халықаралық турнирлерге қатысады.

Одан бөлек ерлер құрамасынан тағы бір команда Әзірбайжан мен Грузияда оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Кейіннен 10-16 сәуір аралығында “Жібек жолы” атты ірі халықаралық турнирде өнер көрсетеді. Сондай-ақ 13-27 наурыз аралығында Жапония мен Корея мемлекеттерінің қатысуымен жаттығу жиыны өтеді. Ал Ресейде дайындалып жатқан спортшылар Хабаровскіде өтетін жарысқа қатысады.