Қазақстандық еркін күрес шеберлері Начын Куулар (70 келі) мен Дәулет Ергеш (79 келі) Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жұбаныш белдесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Начын өзбекстандық Бегижон Кулдашевтен басым түсті. Қола медаль үшін ол жапондық Ёшиносуке Аоягимен белдеседі.
Ал Ергеш түрікменстандық Какымират Ашировты жеңіп, келесі айналымда тәжікстандық Магомет Евлоевпен кездеседі.
Сонымен қатар жартылай финалда жеңіліс тапқан Рахат Қалжан (57 келі) да қола медаль үшін күреседі.
Ризабек Айтмұхан 97 келі салмақта финалға жолдама алды.
Финалдық белдесулер Астана уақытымен 20:00-де басталады.