Мьянмадағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 694-ке жетті

Жаңалықтар

Мьянмадағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 694-ке жетті. Бұл туралы елдің әскери үкіметі хабарлады, деп жазады Sky News-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Елдің әскери үкіметі ұсынған мәліметтерге сәйкес, Мьянмадағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 694-ке жетті, тағы 1670-і жарақат алды.

Әскери үкімет басшысы 7,7 балдық жер сілкінісінен кейін шұғыл құтқару жұмыстарын жүргізуді тапсырды", — деп хабарлады британиялық телеарна.

Естеріңізге сала кетейік, 28 наурызда Мьянмада жойқын жер сілкінісі болды. АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 7,7.

Бұдан кейін магнитудасы 6,4 болатын тағы бір жерасты дүмпуі тіркелген. Жер сілкінісі Таиланд астанасы Бангкокта да сезілген.

Мьянмада болған жойқын жер сілкінісінің салдарынан ұзындығы бір шақырымнан асатын көпір опырылып түсті. Мьянмада төтенше жағдай жарияланды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мьянма премьер-министріне қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтты.