Көлеңке мүсін

Жаңалықтар

Украинаның Одесса қаласында, нақ­тырақ айтсақ, Дерибасовская мен Ришельевская көшелерінің қиы­лы­сында Пушкиннің көлеңке түрін­дегі ескерткіші орнатылған.

Көлеңке мүсіннің тап осы жерге қойылуы да бекерден-бекер емес. Өйткені ақын жер аударылған кезінде дәл осы бұрышта орналасқан «Дом Рено» қонақүйіне тоқтаған екен. Осыған ұқсас Михаил Булгаковтың көлеңкесіне арналған ескерткішті Ресейдің Смоленск облысындағы Вязьма қаласынан да көруге болады. Себебі қаламгер бұл қалада біршама уақыт земство дәрігері болып еңбек еткен. Ескерткіш бейнебір жазушы рухы әлі де осы маңда жүргендей әсер қалдырады.