Алматыда үйінде есірткі сатқан күдікті ұсталды

Жаңалықтар

Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінде есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері, үйінен тікелей заңсыз заттарды таратып жүрген 49 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Арнайы іс-шараның нәтижесінде күдіктіден өсімдік тектес зат тәркіленіп, сот-химиялық сараптамаға жіберілді. Ер адамның осы мекен-жайда отбасымен тұрғаны белгілі болды, оның жанұясы қаскөйдің қылмыстық әрекетіне куә болған", - деді Алматы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Қазіргі уақытта есірткі сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті ұсталды және уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.