Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко (ATP рейтингісінде 245-орын) Мексиканың Морелия қаласында өтіп жатқан "Челленджер" турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Екінші айналымда ол әлемнің бұрынғы 17-ракеткасы, ATP турының бес дүркін чемпионы, соның ішінде 2023 жылғы ATP 250 Astana Open турнирінің жеңімпазы француз Адриан Маннариноны (ATP рейтингінде 145-орын) 6:2, 6:3 есебімен жеңді.
Турнирдің жартылай финалына шығу үшін Дмитрий аргентиналық Тиагу Тирантені жеңуі керек.