Қырғызстанға жаңа әуе бағыты ашылуда

Жаңалықтар

Қырғызстанға жаңа әуе бағыты ашылуда, деп хабарлайды Азаматтық авиацияның баспасөз қызметінен.

ҚР Көлік министрлігі тұрақты негізде қолданыстағы бағыттар бойынша рейстердің ұшу географиясын кеңейту және олардың санын көбейту бойынша жұмыс жүргізуде.

Ағымдағы жылдың 28 мамырынан бастап "Эйр Астана" қазақстандық әуе компаниясы Қырғызстанға Алматы-Ош бағытымен жаңа рейс ашуды жоспарлап отыр.

Рейстер аптасына 4 рет орындалады (сейсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі).

Осылайша, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 7-ден 11-ге дейін артады. Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастық дамуына ықпал етеді деп күтілуде.