Құран аяттары мен көркем сөздер жазылған құснихат көрмесі өтті

Жаңалықтар

Астанада құснихат көрмесінің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық академиялық кітапханада ұйымдастырылған "Құснихат: Орталық Азиядағы ислам каллиграфиясы" атты ғылыми шараға 5 мемлекеттің ғұламалары мен каллиграфтары қатысты, деп жазады qazaqstan.tv.

Онда Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан мен Қазақстанның хаткерлері қылқаламмен құбылтып, жақұттап жазған араб каллиграфиялары таныстырылды. 30-ға жуық таңдаулы туындыларда құран аяттары мен ғибрат сөздер өрнектелген.

3 күн өтетін көрменің мақсаты – қазақ жеріне 15 ғасырда келген көркем өнерді жаңғырту, дейді шеберлер.