Алматыда 19 жастағы қыз тоғызыншы қабаттан құлап, мерт болды

Жаңалықтар

Алматыда 19 жастағы қыз тоғызыншы қабаттан құлап, көз жұмды. "Кәусар" тұрғын үй кешенінде болған жағдайға қатысты қазір полицейлер мән-жәйді анықтап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК ақпаратынша, қайғылы оқиға 27 наурыз күні таңертең болған. Іс өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бабы бойынша қозғалған.

"Өзім клиенттерімнен естідім. Олар бойжеткеннің тоғызыншы қабаттан құлағанын айтты. Терезеден секіріп кетіпті. Көргендер көп сияқты",- деді сол маңдағы дүкен сатушысы.

Бұған дейін Атырау облысында ер адам бұрынғы жұбайының жұмыс орнына келіп, оны пышақтап кеткендігі, әйелдің сол жерде жан тапсырғандығы жайлы жазған болатынбыз.