«KMF» компаниясы екінші деңгейдегі банкке айналады

Жаңалықтар

Қазақстанның жетекші микроқаржы ұйымы «KMF (ҚМФ)» МҚҰ» АҚ екінші деңгейдегі банкке айналуға рұқсат алғаны туралы хабарлайды. Рұқсатты Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) берді.

Бұл қадам қаржылық қыз­меттер спектрін кеңей­туге және олардың клиенттерге қол­жетім­ділігін жақсартуға бағыт­талған KMF компаниясы дамуы­ның жаңа кезеңін айқындайды.

«Екінші деңгейлі банкке айна­луға рұқ­сат алу – біздің команданың қажырлы еңбе­гі­нің және реттеушімен сындарлы өзара әрекеттің нәтижесі. Бұл қадам еліміздің қаржы на­рығын­дағы позиция­мызды ны­ғайтып, клиенттерімізге одан да сапалы және инновациялық ше­шімдерді ұсынуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз. Дегенмен миссиямыз өзгеріссіз қа­лады: шағын және орта бизнесті қол­дау, оның ішінде ауыл тұр­ғындарына ерекше назар аудару, сондай-ақ олардың дамуы­на көмектесетін қолжетімді қар­жылық қызметтерді ұсыну», деп атап өтті «KMF» МҚҰ» АҚ ба­сқарма төрағасы Шалқар Аманқосұлы Жүсіпов.

Трансформациялау үдерісі 2023 жылдың ақпанында компанияны акционерлік қоғамға айналдырудан басталды, ол осы стратегиялық мақсатқа жету үшін жұмысын жалғастырды.

Банк лицензиясын алу үшін заңнаманың барлық талабына сай болу керек. Ол үшін арнайы жабдықтар сатып алынып, бағдар­ламалық жасақтама ендіру және бизнес-үдерістерді жаңғырту талап етіледі.

KMF-тің банк мәртебесіне ауысуы ұсы­нылатын өнімдердің спектрін ұлғайтып қана қой­май, клиенттер үшін жаңа мүм­кіндіктер ашады:

  • Қаржылық инклюзияны дамыту. Қар­жылық қызметтерге қол жеткізу шектеулі болып табылатын шалғай өңірлердегі байланыс­ты күшейту.
  • Бизнесті қолдауды нығайту. Компания шағын және орта бизнес, сондай-ақ жеке ­клиенттер арасында сұранысқа ие депозиттерді, карталарды, несие өнімдерін және басқа да қызметтерді ұсынуды жоспарлап

    отыр.

  • Инновацияларды енгізу. Қызметтерді жекелендіру үшін жасанды интеллект пен ма­шина­лық оқытуды қосу жоспарда бар.

«Көп уақытты және коман­даның қажыр­лы еңбегін талап ететін аталған үдеріс біздің алдымыздан жаңа көкжиектерді ашу­­ға мүмкіндік береді. Біз екінші деңгей­дегі ­банктерге қойылатын жоғары стан­дарт­тарға сай болу үшін тәуекелдерді басқару­мен, ішкі бақылаумен және банк өнім­дерін әзірлеумен айналысатын командаларды күшейттік», деп қосты Шалқар Аманқосұлы Жүсіпов.

Бұл қадам KMF-тің клиент­терге қызмет көрсетуін жалғас­тыра отырып, қаржылық тұрақ­ты­лықты нығайтуға, ел экономикасы­ның дамуына үлес қосуға деген ұмтылысын растайды.

KMF баспасөз қызметі

ҚНРДА-ның 18.07.2024 жылғы

№02.21.0003.M лицензиясы