Шығыс Қазақстан облысында жас жұбайларды өлтіріп кетті

Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында жантүршігерлік қылмыс болды. Риддерде жас жұбайларды өлтіріп кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға 21 наурызда болған. ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды. Сот оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", — деп хабарлады құқық қорғау органдары.