Әлеуметтік желіде қара түсті жабық киім киген төрт адамның бұрмаланған Қазақстан туымен түскен суреті тарады. Полиция бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Атыраудағы Мұз сарайында түсірілген сурет қоғамда үлкен резонанс тудырды. Суретте Қазақстан туында араб жазуын еске түсіретін өрнектер бейнеленген.
"Бұл фотосуреттің таралуына байланысты мемлекеттік рәміздерді қорлау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Фотосуретте бейнеленген төрт күдікті де анықталып, полицияға жеткізілді. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтерді жария етілмейді", — деді Атырау облыстық полиция департаменті.