27 наурыз – Дүниежүзілік театр күні

Жаңалықтар

27 наурызда бүкіл әлемде барша театр қызметкерінің кәсіби мерекесі – Дүниежүзілік театр күні аталып өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, бүгінде Қазақстанда 70 театр жұмыс істейді, олардың 57-сі – мемлекеттік театр.

Атап айтсақ, республикалық 11, өңірлік 46 театр бар. Кейінгі төрт жылда елімізде бес жаңа мемлекеттік театр ашылды. Бұл театр өнерінің дамып келе жатқанын, сұранысқа ие екенін көрсетеді.

Қазақстандық театрлар отандық көрерменді жаңа қойылымдармен қуантып қана қоймай, елімізді халықаралық аренада да танытып келеді. 2024 жылы 396 гастрольдік сапар ұйымдастырылса, оның 350-і ел ішінде, 46-сы шетелде өтті.

Отандық театрларда 9 мыңға жуық маман жұмыс істейді, оның 4 200-і — шығармашылық ұжым өкілдері. Бір жыл ішінде Қазақстанның мемлекеттік театрлары 200-ден астам жаңа қойылым қойды, олардың 107-сі отандық авторлардың шығармалары негізінде сахналанған.