Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев (АТР 215) Мексиканың Морелия қаласында өтіп жатқан "Челленджер" турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жұқаев 1/8 финалда бразилиялық Фелипе Мелигени-Альвесті (АТР 176) 7:6 (7:5), 6:4 есебімен жеңді.
Жартылай финалға шығу үшін Бейбіт швейцариялық Марк-Андреа Хюслермен (АТР 172) кездеседі.