Ал оның заңгерлері құзырлы орган өкілдерін жазықсыз адамды соттағаны үшін тағы да сотқа бермек.
Жапонияда 47 жыл бойы түрмеде отырып, өлім жазасын күткен азамат ақталып шықты, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Спортшы Ивао Хакамада төрт адамды өлтірді деген айыппен ұсталып, ең ауыр жазаға кесілген болатын. Алайда ол сотта бастығы мен оның отбасын өлтірмегенін, тергеушілер қылмысты азаптап мойындатқанын дәлелдеп шыққан.
Әділдікке жарты ғасырдан кейін ғана қол жеткізген қарияның жасы 89-да. Сот тергеу органдарының айғақтарды бұрмалағанын және жазықсыз адамды негізсіз айыптағанын анықтады.
Сонымен қатар ұзақ жылын темір тордың ар жағында өткізген зейнеткер Жапон үкіметінен 217 миллион иен, біздің ақшамен шамамен 728 миллион теңге өтемақы өндіріп алды.
Ал оның заңгерлері құзырлы орган өкілдерін жазықсыз адамды соттағаны үшін тағы да сотқа бермек.