Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, егер той шығыстары ұйымдастырушының ресми табысына сәйкес келмесе, онда тексеріс жүргізіледі. Қазірдің өзінде Мемлекеттік кірістер комитеті осы мәселеге қатысты қажетті шараларды қолға алған.
Қазақстандықтар көбінесе той жасау үшін несие алуға немесе қаражатты ұзақ уақыт бойы жинауға мәжбүр болып келеді. Алайда енді салық органдары қаражаттың нақты қайдан алынғанын тексеретін болады.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтар жаңа салық реформасына қарсы шығып, кіріс пен шығындар туралы есеп беру міндеттемесін сынға алған болатын.
фото: ашықдереккөз