"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы үш күнге Астана, Алматы және Шымкент қалаларына болжам жасады. Еліміздің екі ірі қаласында жаңбыр жауады. Жалпы, +14°С дейін жылыну күтілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астанада
27 наурызда ауа райы болжамы: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан жел түнде 3-8, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -6-8°C, күндіз +5+7°C.
28 наурызда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -3-5°C, күндіз +8+10°C.
29 наурызда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -3-5°C, күндіз +9+11°C.
Алматы
27 наурызда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2°C, күндіз +10+12°C.
28 наурызда: құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан 3-8 жел соғады, күндіз екпіні 13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0+2°C, күндіз +8+10°C.
29 наурызда: құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, түнде және таңертең тұман түседі. Шығыстан соғатын жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 0+2°C, күндіз +8+10°C.
Шымкентте
27 наурызда : құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +2+4°C, күндіз +6+8°C.
28 наурызда: құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +2+4°C, күндіз +8+10°C.
29 наурызда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +2+4°C, күндіз +12+14°C.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда 2025 жылдың 27, 28 және 29 наурызына арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын. Бұдан шығатыны, республикада 25 градус аяз, жаңбыр мен қар қайтады.